“Виртуалды әлемге ен” - атты суретті
электронды каталогтың пәндік айдарлары бойынша жасалған
ең үздік сурет салу облыстық конкурсының ережелері
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің суретті электронды каталогы 6-9 жастағы оқырмандардың жас ерекшелігін есепке ала отырып жасалған. Қазіргі кезде электронды каталогтың пәндік айдарларын суреттермен жаңарту қажет.
Конкурстың ерекшелігі: суреттерді салуға жас тұтынушылардың қатысуы. “Виртуалды әлемге ен” конкурсының жеңімпазы атанған авторлардың суреттері кітапхана сайтындағы суретті электронды каталог дерекқорына қосылады.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
- Балаларды кітап оқуға тарту;
- Жас оқырмандардың ақпаратты мәдениетін жоғарылату;
- Шығармашылықты ынталандыру және балалардың көркемөнер қабілеттерін іздеп табу.
Конкурстың тақырыптары:
- Әлем мен табиғат
- Сен және техника
- Тарих
- Мәдениет
Суреттер 4 қосымшада берілген пәндік айдарларға сай болу керек
Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары:
- Конкурсқа 6–9 жастағы балалар, орта мектеп, өнер мектебі, көркемөнер мектеп оқушылары қатысады
- Әр қатысушы пәндік айдарлар тақырыптарына қарай сурет салуға міндетті
- жұмыстардың бәрі Ж.Бектұров атындағы ОЖК- ның балаларға қызмет көрсету бөліміне тапсырылады
- Конкурсты өткізу мерзімі:
Ақпан – 10 мамыр: конкурс туралы жариялау, жұмыстарды қабылдау;
10 мамыр – 30 мамыр: қазылар алқасының жұмысы;
1 маусым – конкурсты қорытындыға келтіру, жеңімпаздарды марапаттау
- Конкурстың қорытындысы бойынша ең жақсы сурет автордың есімімен бірге кітапхана сайтындағы балалар электронды каталогына қосылады.
- Конкурс туралы және суреттердің авторлары туралы мәлімет кітапхана сайты мен БАҚ – да орналастырылады
- Суреттер “Виртуалды әлемге ен” атты балалар бөлімінің көрмесінде орын табады.
Жұмыстар алдында тұрған талаптар:
1. Альбом парағы, А4 пішімі
2. Суреттер акварель бояуымен, гуашпен, түрлі – түсті борменен (пастель) немесе фломастермен жасалады
3. Әр қатысушы 1 жұмыс жасайды, ал бір қатысушы жасаған айдарлар саны 3-тен көп болмауы керек.
Конкурсқа қатысу өтініші:
1. Тегі, аты
2. Туған жылы
3. Оқу орыны
4. Мекен-жайы
5. Телефон
Пәндік айдарлар тізімі
Әлем және табиғат айдарлары
Пәндік айдарлары:
- Жанды табиғат
- Жануарлар әлемі
- Балықтар
- Құстар
- Сүтқоректі жануарлар
- Жәндіктер
- Көбелектер
- Аквариумдар
- Хайуанаттар бағы
- Экология
- Орман, дала, фермалар
- Жер үсті мен жер асты
- Географиялық саяхат
- Сенің денсаулығың, гигиена
- Мықты, ержүректі, оңтайлы бол
Ғылым
Пәндік айдарлары:
- Математика
- Физика
- Химия, заттектердің қасиеттері
- Жұлдыздар мен ғаламшарлар
- Экономика
- Әр мамандық тамаша, өзіңе ұнамдысын таңда
- Бұл не? Бұл кім?
- Сөздіктер
- Анықтамалар
- Энциклопедиялар
Сен және техника
Пәндік айдарлары:
- Техника
- Автомобильдер
- Тікұшақтар
- Ғарыш
- Компьютерлер
- Сыпайы көше
- Радио, телефон, телеграф
- Ұшақтар, ұшқыштар
- Теледидар
Тарих
Пәндік айдарлары:
- Қазақстан
- Елтаңба
- Ту
- Әнұран
- Конституция
- Қазақстан тарихы
- Елдер мен мемлекеттер тарихы
- Ұлы Отан соғысы
- Шетел халықтарының өмірі
- Әскер
- Дін
Мәдениет
Пәндік айдарлары:
- Жазушылардың өмірлері мен шығармашылығы
- Көркем әдебиет
- Ертегілер
- Әңгімелер
- Өлеңдер
- Повестер
- Халық шығармашылығы
- Мектепке дейінгі әдебиет
- Мектеп
- Ана тілі. Дүниежүзілік тілдер
- Кітаптар, газеттер, журналдар қалай жарыққа шығады
- әсемдік әлемінде
- Суретшілер мен суреттер
- Музыка мен сазгерлер
- Театр, цирк, кино
- Қандай болуым керек? Өзімді қалай ұстай білуім керек?
- Ойын – сауық
- Мерекелер
- Қолдан жасалған заттар