ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, БІЗДІҢ САЙТҚА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.
Анықтама:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған. Аталған «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса 8-705-138-25-97 (WhatsApp мессенджер) ұялы телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе karaganda_oub@mail.ru. электрондық поштасына жолдаңыздар.
2024 жылдың 5 желтоқсанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қорларды жинақтау және кітапхана ісін автоматтандырудың өзекті мәселелері» атты облыстық практикалық семинары өтеді.
Семинар ұйымдастырушылары: Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы.
Семинарға Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапхана жүйелерін жинақтау және автоматтандыру бөлімдерінің қызметкерлері қатысады.
Семинар мақсаты: облыс кiтапханалары мамандарының кәсiби құзыреттерiн дамыту.
Сонымен қатар семинарда Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының ақпараттық ресурстар және жастар саясаты жөніндегі басшының орынбасары Н. Н. Жолдыбалинов қатысады.