«Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ
Ақпарат
Қарағанды облысында қазақ тілінің латын жазуына көшуін насихаттайтын іс-шаралар өтуде. Біздің кітапхана бұл іс-шараларды өткізуге белсенді қатысуда:
13 қазан сағат 14-00-де, латын әліпбиіне көшуді насихаттауға арналған шараға №97 гимназиясының 4 сынып оқушыларына әңгіме жүргізіліп, «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиі» атты слайд - презентациясын тамашалады.
Шараның мақсаты: рухани адамгершілік, патриоттық тәрбие, қазақ тілдің латын әліпбиіне көшуін ақпараттық насихаттау.
Әңгіме барысында латын әліпбиінің тарихына тоқталып өтілді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасы туралы айтылды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/basty-bet/2-uncategorised/243-latyn-arpine-k-shu-ua-yt-talaby#sigFreeId5827facf45
19.10.2017 ж. «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру негізі» атты ақпараттық-насихаттау пікірталас өтті, аталмыш іс-шараның модернаторы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, көпшілік жұмыстар бөліміндегі әріптесіміз Руслан Нұрбай болды.
Аталмыш шараға Қарағанды облыстық сотының судьясы, тіл жанашыры Азбанбаев Марат Ақторғайұлы, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұрсынова Мархаба Ахметқалиқызы және Қарағанды медициналық университеті мен құрылыс техникалық, коммерциялық колледждерінің студенттері, №101 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары мен «БОТА» жастар интеллектуалды орталығының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде: Марат Ақторғайұлы мен Мархаба Ахметқалиқызы «Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру негізі» атты ақпараттық-насихаттау шарамыздың мақсатын түсіндіріп, Латын әліпбиінің тарихына тоқталып өтті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасы туралы айтып, баяндама жасалды. Қазіргі таңдағы басты мәселе латын әліпбиі жөнінде әр адам оз ойын ашып айтқаны дұрыс деп қорытындылады.
Көптеген оқытушылар мен оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
{gallery}2017/19_10{/gallery}
24.10.2017 ж. сағат 12-00-де жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Латын тілі: қоғам талабы» атты әңгіме-шолу өтті.
Шақырылған аудитория: «Фемида» заң колледжі мен ЖММ Қарағанды сән колледжінің студенттері.
Шараға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша спикері Қарағанды облыстық сотының судьясы, тіл жоқтаушысы Марат Ақторғайұлы Азбанбаев мырза қатысып, ежелдегі тайпа, рулардың кейбір сөздерінінің шығуы, дыбыстардың қалай өзгеріске ұшыруғанын арнайы дайындап әкелінген слайд арқылы көрсетті. Оқырмандардың «Не үшін латын әрпіне көшу керек?», «Латын әрпіне көшуге қарсылық неден?» деген оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ақын Руслан Нұрбай өзінің «Әріп пен ұғым» атты өлеңін оқыды. Бөлім меңгерушісі Б. Қ. Мурзатаева студенттерге кітапхана қоры туралы ақпарат беріп, кітап көрмесімен таныстырды. Осы шара туралы «Первый Карагандинский» телеарнасы 26 қазанда берілетін жаңалықтарда ақпарат жасайтын болды.
{gallery}2017/24_10{/gallery}
26 қазан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
{gallery}2017/27_10/kaz{/gallery}
2017 жылдың 2 қарашасында сағат 15-00 кітапхананың мәжіліс залында кітапхана ұжымының арасында «Латын жазуын енгізу жөніндегі жаңалықтар» атты талқылау іс-шарасы өтті.
2017 жылғы қыркүйектің 13-інде Қарағанды облысында қазақ тілінің латын жазуына көшуін насихаттау жөніндегі іс-шаралар басталды.
Мемлекет басшысымен қойылған міндеттің маңыздылығын түсіне отырып, біздің кітапханада 14 қыркүйектен бастап қазақ тілінің латын жазуына көшуін насихаттау және түсіндіру жөніндегі 8 іс-шара өтті. Бұл шараларға Қарағанды облысы оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты, барлығы 347 адам.
Бүгінгі талқылау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі бекітілген «Әліпбиді кирилл жазуынан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы тұрғысынан өтті.
Сөз сөйлегендер келесі мәселелерді белгіледі:
- мемлекеттік тілдің әліпбиін жаңарту – мемлекеттің егеменділік құқығы, сонымен бірге басқа тілдердің қолданылуына шек қойылмайды, олар бұрынғы әліпбиінде қала береді.
- барлық домен аттары, электрондық пошта мекен-жайлары латын тілінде жазылады, сондықтан латын тіліне көшу дүниежүзілік кеңістікке жетістікті интеграциялануға мүмкіндік береді.
- жаңартпаның басты артықшылығы – мемлекеттік тілді латын жазуында меңгере отырып, дүниежүзілік қауымдастықтың сөйлесу және жазу тілі болып табылатын ағылшын тілін үйрену қиынға түспейді.
- латын жазуына көшу – бұл өркениеттер тұрғысынан қарап таңдау. Ашық және ғаламдық әлемге бағытталып таңдау. Тіл өзгермей, жазуы ғана өзгереді.
Әрине, кез келген енгізілген жаңалық көптеген сұрақтарды туғызады. Сондықтан ұжым арасында латын әліпбиін үйрену бойынша тренинг өткізілді.
Қатысушыларға қазақ тілінде жазылған кішігірім мәтіндер ұсынылды, бұл мәтіндерді бекітілген латын қарпімен көшіру керек болды. Барлық қызметкерлер тапсырмаларды орындап, латын қарпімен жазу ешқандай қиындық тудырмайды деп айтты.
Талқылау белсенді сұхбаттасу түрінде өтті. Іс-шараға қатысушылар Үкімет қазақ тілінің латын жазуына көшуінің айқын кестесін әзірледі деп тұжырымдады.
{gallery}2017/02_11{/gallery}
«Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ қараша айының 20-жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын қарпіне көшу - болашақтың бағдары» атты әңгіме-шолу сағатын ұйымдастырды. Іс-шара келесідей мақсат-міндеттерді негізге ала отырып өткізілді:
• Жастар арасында латын қарпіне көшу мәселесін талдау;
• Жастарға латын қарпіне көшу – болашаққа бастар нақты қадам екенін түсіндіру;
• Жастар арасында латын қарпіне көшудің тиімділігін ұғындыру;
• Кітапхана қорындағы латын қарпіндегі кітаптарды оқырмандар назарына ұсыну.
Латын әліпбиінің нақты нұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілгендіктен шараға қатысушылар латын әлібиімен тікелей жұмыс жасады. Шағын латын қарпінің бекітілуі туралы бейнероликтен бастау алған іс-шара барысында жастар алдын-ала дайындалған мәтіндерді латын қарпімен жазды, №41 жалпы білім беретін мектеп оқушылар тіл туралы өлеңдерін оқыды. Сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторының меңгерушісі Шпанова Жанат Рымкуловна Ж. Бектұров мұражайының кітап қорындағы 1929-40 жылдары жарық көрген латын қарпіндегі кітаптармен таныстырып, шолу жасады. Аталмыш кітаптардан келген оқушылар мәтіндер, өлеңдер оқып, тақтаға жазып, қазіргі бекітілген латын қарпінен айырмашылығын талдап, талқылады.
Іс-шара латын қарпінің тілімізге енгізілуі еш қиындық тудырмайтынын, жастар оңай әрі жылдам меңгеріп кететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
{gallery}2017/20_11{/gallery}
2017 жылдың қараша айының 23 күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Латын әліпбиіне көшу- әлемдік үрдіске жақындау» атты ақпараттық-насихаттау пікірталас өтті, аталмыш іс-шараның модераторы Қарағанды қ. Орталық Қазақстан Академиясындағы деканының орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакулаев Әділ Мұратұлы болды.
Аталмыш шараға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұстаздары, доцент, филология ғылымының кандидаты – Қалиев Бектұрсын Аманқұлұлы, филология ғылымының кандидаты Тақыров Саржан Уахитұлы, және Орталық Қазақстан академиясы Тіл және аударма факультетінің оқытушысы Бейсен Дәурен қатысты. Пікірталасқа 65 адам бас қосты. Іс-шараға атсалысқандар Қарағандыдағы гуманитарлы, политехникалық, құрылыс-техникалық колледждерінен, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің, Қарағанды экономикалық университетінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері мен «БОТА» жастар интелектуалды орталығының мүшелері болды.
Тіл мамандарымен бірлесе, ақылдаса отырып, тақырыпта көрсетілгендей «Латын әліпбиіне көшу- әлемдік үрдіске жақындау» негізінде ақпараттық-насихаттау шарамыздың мақсатын түсіндіріліп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасы туралы айтып, баяндама жасалды.
Келген қонақтар Б.А. Қалиев, С.У. Тақыров, Бейсен Дәурен және кітапхана қызметкері Руслан Нұрбай студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді, онда талқыланған сұрақтар латын қарпіне көшуде қандай қиыншылықтар болады?, латын қарпіне көшудің қандай артықшылықтары бар?, латын қарпіне көшу үшін құрылған арнайы комиссияның жұмысы қалай жалғасуда? латын қарпіне көшуге кешеуілдеп қалған жоқпыз ба?
Қазіргі таңдағы басты мәселе латын әліпбиі жөнінде әр адам оз ойын ашып айтқаны дұрыс деп қорытындылады. Тілдегі таңбалану жайттарындағы өзгерістер сөз болды.
{gallery}2017/23_11{/gallery}