«Туған күніңмен, ардагер!» патриоттық десанты
Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы барлық ниет білдірушілерді баршыңызды Қарағанды қаласының ардагерлерін туған күнімен және 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтауға шақырады. Құттықтауларды ашықхат, сурет, қолөнер, үшбұрышты хат, плакат, газет, сондай-ақ құттықтау бейнеролигі түрінде жасауларыңызға болады.
Жұмыстарыңызды Ержанов көшесі, 8 «А» мекенжайы бойынша кітапханаға әкеліңіздер немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберіңіздер. Сіздердің құттықтауларыңызды Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ардагерлерге табыстайды. Патриоттық десанттың барысы туралы барлық ақпарат кітапхананың әлеуметтік желілерінде көрсетіледі.
Біздің байланыстар: 43-06-48; 43-07-04; 87051382597