Әлемдік әдебиет әуесқойлары

Сіздерді «Famous Books» клубына  шақырамыз!

 

Клуб отырысы атақты және танымал емес шетелдік авторлардың шығармашылығына, олардың кітаптарына, экранизацияларына арналады.

Клуб аясында кештер, оқулар, ойын-сауықтар, таныстырылымдар, кездесулер өткізіледі! Клуб отырысын өткізу барысы қандай? Әлемдік әдебиет туындысы таңдалып алынады (кітаптар жанры, дәуірі, елі бойынша әр түрлі таңдалып алынады), оқуға уақыт беріледі, содан кейін клуб мүшелері оқылған тақырыпты талқылап, өз пікірін айтады. Отырыс барысында автордың өмірінен, шығарманың жазылу тарихынан қызықты деректер келтіруге, қазіргі экранизациялар туралы сөйлесуге және оларды кинозалдан көруге болады, кітаптар сюжетіне негізделген қойылымдарды өздері ойнауға, талқылау үшін жаңа кітаптар ұсынуға болады. Қиялдар шектелмейді!!! Біз, әрине, клубтың әрбір отырысы қызықты және ерекше өтуіне тырысамыз! !!

Егер сіздердің талқылауға ұсынуға болатын тақырыптарыңыз болса, егер сіздерді кітапханада өтетін шығармашылық үдерістер қызықтырса – онда бізге келіңіздер!

Сіздердің идеяларыңыз, ұсыныстарыңызды күтеміз! Келіңіздер! Кітапхана есігі клуб жұмысына қатысуға ниет білдірушілер үшін ашық!

 

Әлеуметтік желі "Facebook"