“Виртуалды әлемге ен” -  атты  суретті

электронды каталогтың пәндік айдарлары бойынша жасалған

ең үздік сурет салу  облыстық конкурсының ережелері

 

 Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық  жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің суретті электронды каталогы 6-9 жастағы оқырмандардың жас ерекшелігін есепке ала отырып жасалған. Қазіргі кезде электронды каталогтың пәндік айдарларын суреттермен жаңарту қажет.

 Конкурстың ерекшелігі: суреттерді салуға жас тұтынушылардың қатысуы. “Виртуалды әлемге ен” конкурсының жеңімпазы атанған авторлардың суреттері кітапхана сайтындағы суретті электронды каталог дерекқорына қосылады.

 

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

-         Балаларды кітап оқуға тарту;

-         Жас оқырмандардың ақпаратты мәдениетін жоғарылату;

-         Шығармашылықты ынталандыру және балалардың көркемөнер қабілеттерін іздеп табу.

 

Конкурстың тақырыптары:

-         Әлем мен табиғат

-         Сен және техника

-         Тарих

-         Мәдениет

 

Суреттер 4 қосымшада берілген пәндік айдарларға сай болу керек

Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары:

-         Конкурсқа 6–9 жастағы балалар, орта мектеп, өнер мектебі, көркемөнер мектеп оқушылары қатысады

-         Әр қатысушы пәндік  айдарлар тақырыптарына қарай сурет салуға міндетті

-         жұмыстардың бәрі Ж.Бектұров атындағы ОЖК- ның балаларға қызмет көрсету бөліміне  тапсырылады

-         Конкурсты өткізу мерзімі:

Ақпан – 10 мамыр: конкурс туралы жариялау, жұмыстарды қабылдау;

10 мамыр – 30 мамыр: қазылар алқасының жұмысы;

1 маусым – конкурсты қорытындыға келтіру, жеңімпаздарды марапаттау

-         Конкурстың қорытындысы бойынша ең жақсы сурет автордың есімімен бірге кітапхана сайтындағы балалар электронды каталогына қосылады.

-         Конкурс туралы және суреттердің авторлары туралы мәлімет кітапхана сайты мен БАҚ – да орналастырылады

-         Суреттер “Виртуалды әлемге ен” атты балалар бөлімінің көрмесінде орын табады.

 

Жұмыстар алдында тұрған талаптар:

1.     Альбом парағы, А4 пішімі

2.     Суреттер акварель бояуымен, гуашпен, түрлі – түсті борменен (пастель) немесе фломастермен жасалады

3.     Әр қатысушы 1 жұмыс жасайды, ал бір қатысушы жасаған айдарлар саны 3-тен көп болмауы керек.

 

Конкурсқа қатысу өтініші:

1.     Тегі, аты

2.     Туған жылы

3.     Оқу орыны

4.     Мекен-жайы

5.     Телефон

 

Пәндік айдарлар тізімі

 

Әлем және табиғат айдарлары

Пәндік айдарлары:

-         Жанды табиғат

-         Жануарлар әлемі

-         Балықтар

-         Құстар

-         Сүтқоректі жануарлар

-         Жәндіктер

-         Көбелектер

-         Аквариумдар

-         Хайуанаттар  бағы

-         Экология

-         Орман, дала, фермалар

-         Жер үсті мен жер асты

-         Географиялық саяхат

-         Сенің денсаулығың, гигиена

-         Мықты, ержүректі, оңтайлы бол

 

Ғылым

Пәндік  айдарлары:

-         Математика

-         Физика

-         Химия, заттектердің қасиеттері

-         Жұлдыздар мен ғаламшарлар

-         Экономика

-         Әр мамандық тамаша, өзіңе ұнамдысын таңда

-         Бұл не? Бұл кім?

-         Сөздіктер

-         Анықтамалар

-         Энциклопедиялар

 

Сен және техника

Пәндік айдарлары:

-         Техника

-         Автомобильдер

-         Тікұшақтар

-         Ғарыш

-         Компьютерлер

-         Сыпайы көше

-         Радио, телефон, телеграф

-         Ұшақтар, ұшқыштар

-         Теледидар

 

Тарих

Пәндік айдарлары:

-         Қазақстан

-         Елтаңба

-         Ту

-         Әнұран

-         Конституция

-         Қазақстан тарихы

-         Елдер мен мемлекеттер тарихы

-         Ұлы Отан соғысы

-         Шетел халықтарының өмірі

-         Әскер

-         Дін

 

Мәдениет

Пәндік айдарлары:

-         Жазушылардың өмірлері мен шығармашылығы

-         Көркем әдебиет

-         Ертегілер

-         Әңгімелер

-         Өлеңдер

-         Повестер

-         Халық шығармашылығы

-         Мектепке дейінгі әдебиет

-         Мектеп

-         Ана тілі. Дүниежүзілік тілдер

-         Кітаптар, газеттер, журналдар қалай жарыққа шығады

-         әсемдік әлемінде

-         Суретшілер мен суреттер

-         Музыка мен сазгерлер

-         Театр, цирк, кино

-         Қандай болуым керек? Өзімді қалай ұстай білуім керек?

-         Ойын – сауық

-         Мерекелер

-         Қолдан жасалған заттар