14 ақпанда  жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында «Ұлы даланың ұлылары» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға №92 гимназияның 10 сынып оқушылары қатысты.

 Іс  - шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға тарту, ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды насихаттау.

         Болашақ – білімді жастарымыздың қолында. Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған «Бір ел – бір кітап – 2020» республикалық акциясы бойынша биыл екі  кітап: М. Әуезовтың «Абай жолы» романы және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы  таңдап алынды.

         Жазушы, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың «Абай жолы» романы - өз биігінен түспеген қазақтың классикалық шығармасы. Кітапханашы Б.Н. Сламбекова «Абай жолы» романы XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі екенін және шығарманың философиялық маңызы мен өзектілігінің  ерекшелігіне  тоқталды. Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Б.Қ.Мұрзатаева, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын таныстырып өтті. Мұнда автор сонау X ғасырда  ғұмыр кешкен әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Романнан шартарапқа білім шырағын жаққан, артына асыл рухани мол мұра қалдырған әл-Фарабидің жарқын бейнесін көруге болады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)17 Фев 2020 в 9:25 PST