Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, қоғамдық өмірде белсенді қызметі үшін Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері марапатталды: Құрмет грамотасымен - Қазтаева Қаршыға Сайлауқызы, негізгі қорды сақтау секторының жетекшісі; алғыс хатпен - Фахрутдинова Мадина Харбингалиевна, ақпараттық – библиографиялық бөлімінің басшысы.

Кітапхана ұжымы әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілейді!