Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Батылдық – Мужество» жобасы аясында өткізілген селфи стиліндегі жастарға арналған «Есте сақтаймыз. Мақтан тұтамыз!» облыстық интернет – фотобайқауының қорытындылары шығарылды.

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Интернет – фотобайқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

Шығармашылық сайыс 2019 жылдың маусым - желтоқсан айының аралығында өткізілді. Оған Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Приозерск қалаларынан, сондай - ақ Шет, Жаңаарқа, Осакаров, Ақтоғай, Абай аудандарынан 15-29 жас аралығындағы 36 үміткер қатысты.

Селфи стиліндегі Интернет – фотобайқауының жеңімпаздары:

 

I орын – Каленов Ерназар Серікұлы - Жаңаарқа ауданы

II орын – Тлеубеков Диас Серғалиұлы – Жаңаарқа ауданы

III орын – Амангелді Бақытнұр – Шет ауданы

 

 

Алғыс хаттармен марапатталғандар:

 

Есенгулова Жауқазын Еркінқызы – Жезқазған қаласы

Айтжанова Майра Сайлаубековна – Приозерск қаласы

Канагатова Фариза Ильясовна - Приозерск қаласы

Синельник Кристина Владимировна – Осакаровка ауданы

Арна Дильназ Арнақызы – Абай ауданы, Ақбастау ауылы

Сәрсен Лаула – Абай ауданы, поселк Топар

Жиренова Индира – Абай ауданы, поселк Топар

Елтай Жансая - Абай ауданы, поселк Топар

Сердалина Аяулым – Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті

Қомар Абай Саранұлы – Ақтоғай ауданы

 

Жеңімпаздарға дипломдар, ал белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!