27 сәуірде Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде ағымдағы жылдың мерейгер-кітаптарына шолу жасалды.

Ұсынылған кітаптардың көпшілігі өмірге жол, адамзат үшін бағдар болды. Уақытпен тексерілген, оның рухын сақтаған кітаптар. 

№ 83 ЖББМ оқушылары қатысқан әдебиет әлемімен танысуға «Мерейгер-кітаптар – 2019» виртуалды көрмесінің таныстырылымы мүмкіндік берді. Оқырмандар таныс және бейтаныс кітаптар, олардың авторлары туралы қызықты деректермен танысты.