1906 жылдың 1 сәуірінде құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойылды. Осы күні бүкіл әлемде Халықаралық құстар күні атап өтіледі.

2 сәуір күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында, балаларға қызмет көрсету бөлімінде Халықаралық құстар күніне арналған «Құстар - біздің досымыз» - «Птицы – наши друзья» атты  кітап көрмесіне шолу жасалды. 

 Осы шолудың мақсаты - балаларды құстар туралы кітаптармен таныстыру және оларға назар аудару.

«Қызыл кітапқа саяхат» және «Құстар – ертегі кейіпкерлері» атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесінде көптеген кітаптар қойылды. Кітап көрмесіне қойылған кітаптардан балалар құстардың өмірі туралы көптеген қызықты ақпараттар алды. Сонымен, балаларды Қазақстандағы 2019 жыл құсына айналған «Қызыл кітапқа» енгізілген «Дуадақ жыл құсы» туралы ақпарат қызықтырды. Оқушылар бұл ғажайып құстың өмір сүру ортасы туралы әңгімені үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Құстар күні балалар үшін қанаттылардың өмірі туралы жаңалықтарға толы күн болды.