2022  жылдың 24 ақпанында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында ZOOM платформасында   «Тарих.Тұлға.Тағдыр» жобасы аясында қазақтың аса көрнекті ақыны,

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Сыршыл жырдың саңлағы» атты еске алу әдеби кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақтың аса көрнекті ақыны Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақын шығармалары арқылы жастардың Отанға, халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін ояту, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Еске алу әдеби кешіне қатысқандар: ақынның ұлы, профессор, заң ғылымдарының докторы, гуманитарлық ғылымдар саласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, РФ Петровский атындағы ғылым және өнер академиясының академигі және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Мәуленов Қасым Сырбайұлы (Алматы қ.); Сырбай Мәуленов атындағы гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Міркемел Айнұр Мұратқызы (Қостанай қ.); Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп – лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзағұл Айнұр Русланқызы (Нұр – Сұлтан қ.); филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Хамзин Мәуен Хамзаұлы; Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Жұмагелдин Жанайдар Шаймерденұлы (Қарағанды қ.).

Іс шараның модераторы ақын, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің   мәдениет, руханият, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Жәлел Шалқар болды.

Кеш барысында Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик пен презентация көрсетілді. Ақынның ұлы Мәуленов Қасым Сырбайұлына әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп жастардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, С.Мәуленовтің өлеңдерін Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері (Қарағанды қ.),  С. Мәуленов атындағы №37 мектеп – лицейі оқушылары (Нұр – Сұлтан қ.),   С. Мәуленов атындағы гимназия оқушылары (Қостанай қ.) орындады. Сонымен қатар, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Казимова Ақниет  Сырбай Мәуленовтың  «Соғыстан қайтқан солдаттар»  әнін  орындады.

Іс-шаранын толық бейне жазбасын 28 ақпан күні кітапхананың YouTube каналынан көруге болады.

https://www.youtube.com/channel/UC4hUSaYAAx-1lerXjZyTKKw

 


#Бектуровка
  #жасөспірімдеркітапханасы #Қарағандыоблыстықкітапханасыкітап #қазақәдебиеті

#СырбайМәуленов #100жыл #ақын #поэзия#МәуленовҚасымСырбаевич#