21 сәуір күні Ж. Бектұров атындағы ОЖК-ның Instagram-аккаунтында «FAMOUS BOOKS» әлемдік әдебиет сүйер қауым клубының мүшелерімен кітапхананың оқу залында кездесу өтті.

Тікелей эфир қонақтары: ақын, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушысы - Беляева Вероника; жас ақын, корей тілінің оқытушысы - Атымбаева Меруерт.

Жүргізуші Ибраева Асем Сабитовна кіріспе сөзінде 2021 жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жарияланғанын және осыған байланысты «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғанын еске салды. Осы акция аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»ұранымен бүкілхалықтық оқуға белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды.

Сонымен қатар, кітапханада 20-25 сәуір аралығында «Кітап оқу - ақыл тынысы» атты жасөспірімдерге арналған кітап апталығы өтіп жатқанын және осы іс-шара аясында 2021 жылдың сәуір-қараша аралығында өтетін «Менің оқыған кітаптарым» атты букчелленджге бастау берілетінін хабарлады. Одан әрі кеш қонақтары оқыған кітаптары жайлы алған әсерлерімен және пікірлерімен бөлісіп, жақсы көретін әдебиет, сүйікті жанрлар туралы сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында клуб мүшелері барлық жастарға шығармашылық таным мен даму арқылы жеке жоспарларын жүзеге асыру үшін жақсы кітаптарды көбірек оқуларына тілектестік білдірді.

#Бектуровка #клуб #неделяюношескойкниги #книги #чтение #областнаябиблиотека #юношество