18 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап. Білім. Талап.»  тақырыбында Мәскеу халықаралық университетінің  студенттері қарағандылық Айдын Олжас пен шымкенттік Эрметов Сардормен тікелей эфир өтті.

«Кітап оқудың қандай пайдасы бар?», «Жастар кітап оқи ма?» «Қай елде кітап оқылымы басым деп ойлайсыңдар? Қазақстанда ма әлде Ресейде ме?» «Дәстүрлі кітап пен электронды кітаптың айырмашылығы», «Қай жанрды сүйіп оқисыңдар?» т.б сұрақтар төңірегінде тамаша әңгіме-сұхбат болды.

Қазақстандық жастар Мәскеу қаласында жоғарғы оқу орнына 800 талапкердің ішінен оза шығып, грант ұтып алған. Қазір «Менеджмент және басқару» факультетінің І курс студенттері.

Сардор: «Кітап оқуға құмарлығым есейе келе оянды. Алғаш оқығаным Н. Хиллдың «Думай, богатей» кітабы болды.  Кейін кітап оқу дағдыға айналды. Әр кітапты оқыған сайын алдымен тіл байлығың және ойлау қабілетің жетіледі, ортаға, өмірге деген өз көзқарасың, пікірің қалыптасады екен. Мен детектив және іскерлік әдебиттерді көп оқимын, арасында классиканы да оқимын.  Қазіргі күнде американдық автордың романы  Ден Браунның «Происхождение»  кітабын оқып жатырмын. Бұл кітаптағы шытырман оқиғалар желісі қызықтырады. Өз замандастарыма осы екі кітапты және «Трансформатор» (Д. Портнягин),«Хижина дяди Тома» (Гарриет Бичер-Стоу) кітаптарын оқуды ұсынар едім.

         Олжас: «Мен классикалық шығармаларды оқығанды жақсы көремін. Қазақстандық жазушылардың шығармаларын, Абайдың қара сөздерін оқимын. Қазір А.Дюманың  «Учитель фехтования» кітабын оқып жатырмын. Мәскеу қаласында метрода кітап оқып отырған адамдарды көп кездестіремін.  Жастардың кейбіреуі электронды кітап оқиды. Мен аудио кітап тыңдаймын. Оқырмандарға алдымен  М. Әуезовтың «Абай жолын», Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқуға кеңес берер едім».

Модератор Мурзатаева Бақыт Қазбекқызы талапты студенттерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

 

Бектуровка #кітап #оқы #студенттер #жасөспірімдер#облыстықкітапхана