Сәуір айының 2 - жұлдызында балалар кітап апталығының аясында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Жас оқырман» клуб мүшелерімен онлайн «Шебердің қолы өнерлі» атты мастер класс өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға қағаздан өз қолдарымен гүл шоғын жасау жолдарын және әдістерін үйретті. Шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы, әсемдік пен сұлулықты бағалай білу туралы түсіндірді.Қажетті құрал-жабдықтарды пайдаланып қарапайым түрлі-түсті қағаздан әдемі гүл шоғын жасап, гүл туралы мақал –мәтелдер айтылды. Кітапхана сайтына бейнеролик қойылды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)2 Апр 2020 в 2:12 PDT