28 ақпан күні Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің кітапханасында «Абай - гений земли казахской» атты әдеби кеш өтті. Шараға Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, колледж ұстаздары, студенттері шақырылды.

Әдеби кешті колледж кітапханашысы А. Ж. Кусаинова дайындаған Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы фильм ашты.

1-3 топ студенті Альтер Екатерина қонақтарды шараның мақсаты және міндеттерімен таныстырды. Оның бяндамасынан жастар 2020 жылдың тамыз айында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композиторы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толатынын білді. Осы мерейтойға орай Қазақстанда ұлттық және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жүргізуші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін келтірді: «Біз тарихтан үлгі алып, ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп отырған халықпыз. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағыты болуы тиіс».

Кездесу соңында әдеби кештің қонақтары - Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері: жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің қызметкерлері Жасарал Құлпынай мен Шолпан Абдрахманова қазақ халқының көрнекті ақынының және ойшылының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып өтті.

Іс-шара барысында колледж студенттері: Тайшабек Айман, Логинов Даниил, Хасиева Амина, Кураков Никита, Бочкова Валерия  ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен үзінді оқыды. Қазақ халқының ұлы ақынының шығармаларын ағылшын тілінде Кенжебаев Сымбат пен Матай Айым оқыса, Айтқалиева Қымбат Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Әдеби кеш Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. М. Нұрмағамбетова өткізген кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.

Шолу барысында студенттер Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптармен, оның шығармаларының жинақтарымен танысты.

Іс - шараны дайындауға колледж педагогтары 1-3 топ кураторы-Ибраева Б. С. және 1-4 топ кураторы-Свергунова А. В. белсенді қатысты.
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)3 Мар 2020 в 4:20 PST