27 ақпан күні кітапханада «Famous Books» әлемдік әдебиет әуесқойлары клубының жұмысы аясында әлемдік әдебиет шығармаларын насихаттау және жастарды оқуға тарту мақсатында «Поэты не рождаются случайно...» атты орыс ақыны, прозашы және аудармашы Борис Леонидович Пастернактың 130 жылдығына арналған поэтикалық қонақжай өтті. Іс-шараға №48 ЖББОМ жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, кітапханашылар қатысты.
Поэтикалық қонақжай жүргізушілері Шорохова Дарья мен Гиберт Ксения аудиторияны Борис Леонидович Пастернактың өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Іс-шара барысында №48 ЖББОМ 10-11 сынып оқушылары: Тәңірбергенов Айбек, Гиберт Ксения, Шорохова Дарья, Руковичников Артем, Песков Александр, Қалиев Әділет, Семиренко Илья, Волкова Кристина, Патлахова Арина ақын өлеңдерін тамылжыта орындады.
Оқушылар үшін «Лето», «Лебеди», «Философия», «Марбург», «Февраль», «Никого не будет в доме», «Любовь», «Гамлет» өлеңдері орындалды.
Поэтикалық қонақжайдың қонағы, әдіскер Л. Г. Ратникова, Борис Пастернактың «Никого не будет в доме» өлеңі Э. Рязановтың «Ирония судьбы, или с легким паром!» фильмінде орындалатындығынан бәріне таныс екендігін айтып өтті. Фильмді жыл сайын жаңа жыл қарсаңында теледидардан көруге болады. Оқушыларға «Ирония судьбы…» фильмінің фрагменті көрсетілді.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар ақынның шығармалары және ақын туралы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесімен танысты.
Сөз сөйлеушілер мен көрермендер поэтикалық қонақжайдан керемет әсер алды. Борис Леонидович Пастернактың өмірбаянымен және шығармашылығымен танысу оның талантының қуаты мен көптүрлілігін ұғынуға мүмкіндік берді, өйткені ақынның лирикасы орыс поэзиясының шыңына жатады, ал «Доктор Живаго» романы – ХХ ғасырдың ең танымал орыс романы болып табылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram