1 наурызда Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтеді. Мереке 2016 жылдан бастап Бірінші Президент бастамысымен атап өтіледі. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз – жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және қайырымдылық пен қамқорлық көрсеткен қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өтілсе дұрыс болады деп ойлаймын.

Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір – біріне деген мейірімділігінің, достығының және сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болады», - деп ұсынды Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы атаулы күнге орай Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері және «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының мүшелері «Жасампаз елдің жігерлі жастары» жобасы аясында «Құлыншақ» балалар үйінің жеткіншектеріне арнап «Ризашылық – шын жүректен» атты кітапханалық қайырымдылық десантын ұйымдастырды. Іс - шараның мақсаты - өскелең ұрпақты төзімділікке, бір-біріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу, сонымен қатар өз Отанын сүюге, оның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мереке басында ботанайшылар - Қарағанды гуманитарлық колледжінің, Қарағанды жоғары мейірбикелік колледжінің студенттері «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының эмблемасы бар жалаушаны қолдарында ұстап, жасыл шарф тағып, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін, оқытушылар мен тәрбиешілерді Алғыс күнімен құттықтады. Одан кейін балаларға мерекенің тарихы және оның маңызы туралы айтылды. Баяндама барысында жүргізушілер ақылақ пен адамгершілік тақырыбын қозғап, адам қарым-қатынасы туралы айтты. Қонақтар балаларға мынандай сұрақтар бойынша ойлауды ұсынды: «Біз бір-бірімізге алғыс сөзімізді жиі айтамыз ба?», «Ризашылықты білдіруді білеміз бе?», «Рахмет», «алғыс айтамын» сөздерін жиі қолданабыз ба?».

Бұл күні «БОТА» ЖИО-ның шығармашылық жастары «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әртүрлі ойын-сауық бағдарламасын ұсынды: Қуаныш Лаура, Әбдіғалиева Мөлдір, Еламанова Айнұр, Ыбраев Ернаттың орындауында әндер шырқалды. Абай Кәлім мен Маханова Маржан гитара мен домбыраны тартты. Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды.

Әсіресе, қатысушыларға флешмоб ұнады: қонақтар мен көрермендер сахнаға шығып, қолдарынан ұстасып, Ернат Ыбыраев орындаған «Қызық екенсің» әнін орындады. Қайырымдылық десант соңында оқытушылар мен балалар қонақтарға жылы сөздер мен тілектер үшін, көңілді концерттік бағдарлама үшін алғыстарын білдірді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Библиотека имени Ж.Бектурова (@bekturov_library)27 Фев 2020 в 4:03 PST