Мультимедиялық басылымдар

 


Сөнбес достық сәулесі [Электрондық ресурс]=Лучи негаснущей дружбы : құрал / Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. Ж.Б.Тусупбекова ; ред.: В.В.Мальгаждарова, О.Н.Волкова ; шығарылымға жауапты Г.Ә.Бекбалакова ; компьютерде беттеу және дизайн М.Б.Сатжанов. – Қарағанды: Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2010. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Ж.Бектұров Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының оқырманы және көптеген жылдар бойы оның досы болған еді. 2001 жылы кітапханаға оның есімі берілді, оқу залыменен кабинет-мұражайы құрылды, оған Жайық Кәгенұлының жеке кітапханасынан 4 мың данадан астам кітап кірді.
«Сөнбес достық сәулесі» оқулығында Ж.Бектұровқа сыйға тартылған кітаптар, олардың авторлары туралы айтылады. Оқу құралындағы материалдар есімдер алфавиті бойынша орналасқан.

Мартбектің нұрлы әлемі [Электрондық ресурс] / құраст. Б.К.Мурзатаева ; техникалық редактор және дизайн, компьютерде беттеу М.Б.Сатжанов. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2010. – 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).


Мартбек Тоқмырза - талантты жазушы, педагог, журналист, сатирик, телевизиялық жүргізуші, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты (1999 ж.).

«Мартбектің нұрлы әлемі» бейнефильмінде оның өмірі мен шығармашылық қызметі, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының жұмысына белсенді қатысуы туралы айтылды. 




2016

«Жауынгер хаты – отбасылық жәдігер» [Электрондық ресурс]= «Семейная реликвия – солдатское письмо : мультимедиялық жинақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған халықаралық виртуалды жастар байқауының материалдары бойынша / Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: Г.М.Алдонғарова, О.Н.Волкова ; дизайн Н.Н.Сейсембекова ; компьютерде беттеу М.А.Рахимжанова. – Қарағанды: Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2016. – 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

Мультимедиялық жинаққа 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мemory» мемлекетаралық жобасы аясында өткізілген «Жауынгер хаты – отбасылық жәдігер» Халықаралық виртуалды жастар байқауының материалдары кірді.

Жинақта байқау нәтижелері бойынша статистикалық деректер, «Эссе», «Ролик», «Еркін жанр (микс)» номинациялары бойынша жеңімпаздардың жұмыстары келтірілген.

2022

Өшпес даңқ [Электрондық ресурс] = Немеркнущая слава : Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтің, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың және «Халық қаһарманы» атағының иегері Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған «Жеңіс батырлары» халықаралық интернет-байқауының материалдары бойынша мультимедиялық жинақ / құраст.: О.Н.Волкова, Л.Г.Ратникова; мұқабаны безендірген Н.Н.Сейсембекова ; компьютерде беттеу П.А.Лаврович. – Қарағанды : Ж.Беқтұров атындағы ОЖК, 2022. – 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

«Өшпес даңқ» мультимедиялық жинағы «Жеңіс батырлары» халықаралық интернет-байқауының материалдары негізінде құрастырылған.
Оқу құралында: Т. Бигелдинов, М. Мәметова, Х. Доспанованың өмірбаяны, байқау ережесі, байқауды ұйымдастыру, оның қатысушылары туралы ақпарат, жеңімпаздар туралы презентациялар және олар жасаған бейнероликтер; марапаттау рәсімі туралы жаңалықтар телесюжеті, жарияланымдар тізімі және т. б. ұсынылған.