Тамыз айының соңында неміс жазушысы, ақын, драматург, философ Иоганн Вольфганг фон Гётенің туғанына 270 жыл толды. Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері жазушыға арналған іс-шараны өткізді.

24 қазанда «Famous Books» әлемдік әдебиет әуесқойлар клубының аясында «Исповедь поэтов»атты әдеби қонақжай өтті.

Шараның негізгі мақсаты - жастарды Иоганн Вольфганг фон Гётенің философиясымен, рухани мұрасымен, поэтикалық шығармаларымен және әндерімен таныстыру.

Іс-шараға Гете - Институт орталығының қызметкерлері, жас оқытушы Кристина Томуз және Германиядан келген тілдік ассистент Николаус Гармель; Қарағанды облыстық «Wiedergeburt» неміс орталығы қоғамының өкілі Дильман Евгения және «Erfolg» оқу орталығының қызметкерлері Анастасия Мангольд және Евгений Суздорф; №48 ЖББОМ 10, 11 сынып оқушыларымен оқытушылары қатысты.

Гёте - Институт орталығының қызметкерлері Николаус Гармель мен Кристина Томуз әдеби қонақжайды ашып, неміс және орыс тілдерінде Иоганн Вольфганг фон Гёте өмірбаянымен таныстырып, ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар олар Гёте - институтының серіктесі - Неміс тілі орталығының жұмысы туралы ақпарат бере отырып, оқушыларды Гёте тілі - неміс тілін  үйренуге және жетілдіруге шақырды. Баяндама барысында таныстырылым мен бейнефильм көрсетілді.

Кездесу «Wiedergeburt» орталығынан келген қонағымыз Дильман Евгенияның неміс тілінде әндер орындауымен жалғасты. Содан кейін «Erfolg» оқу орталығының қызметкері Анастасия Мангольд Иоганн Вольфганг фон Гёте өлеңін неміс және орыс тілдерінде оқыды, ал оның әріптесі Евгений Суздорф ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. И.В. Гетенің басты еңбегі - «Фауст» философиялық драмасына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның соңында Иоганн Вольфганг Гётенің өлеңдерін №48 ЖББОМ 10, 11 сынып оқушылары Тастанбеков Диас, Гиберт Ксения, Шорохова Дарья, Патлахова Арина, Быков Анатолий, Есенбеков Алишер, Биякин Сергей мәнерлеп орындады. Шараға қатысушылар ұлы неміс ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет ұсынылған кітап көрмесімен танысты.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Көрермендер мен өнер көрсеткендердің барлықтары іс-шарадан керемет әсер алды. Иоганн Вольфганг Гётенің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысу оның дарындылығының күші мен жан-жақтылығын ұғынуға, даналығына, еңбексүйгіштігіне және мақсаткерлігіне таңдануға мүмкіндік берді.