Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тілі мен өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және әр түрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында елімізде қыркүйек айында дәстүрлі түрде аталып өтілетін Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі бекітілді.

Жыл сайын Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында осы мерекеге арналған іс-шаралар өтеді.

5 қыркүйек күні кітапханада «Айналайын» бөбекжай-бақшасының ересек тобының балалары қонақта болды. Олар іс-шараға тәрбиешісі Давыдова Елена Николаевнамен келді.

Балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы кішкентай оқырмандарды «Тіл - әр халықтың байлығы» атты мерекелік бағдарламаның қатысушысы болуға шақырды.

Мереке басында жүргізуші балаларға елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатқанын айтты. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі. Балалар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқып, ән айтты,сонымен қатар түрлі халықтардың ертегілері бойынша сұрақ-жауап сайысының сұрақтарына қуана жауап берді. Іс-шара барысында «Водица» көңілді қозғалмалы ойыны өткізілді, оған қатысып, жас оқырмандар ептіліктер мен тапқырлықтарын танытты.

Мерекелік бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Пусть всегда будет солнце» әнімен жалғасты.

Әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қалай сәлемдесетінін балалар «Ағылшын және қазақ тілдерінде «Сәлем» айтудың 20 тәсілі» бейнеролигін көріп білді.

Шара соңында «Qazaq tili – Latyn qarpi bizdin' bolashag'ymyz» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Мереке барысында барлық балалар қуанып, ұйымдастырылған шараларға жақсы көңіл-күймен қатысты. Іс – шара соңында балалар кітапханашымен бірлесіп: біз қай тілде сөйлесек те, Қазақстан - біздің ортақ үйіміз. Қазақстан халқының Тілдері күні - еліміздің барлық азаматтарының достығының, туыстығының және бірлігінің белгісі, - деп қорытынды жасады.