28 тамызда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Аңсаған ата заңымыз!» - «И вечный выше нас Закон!» тақырыбымен әңгіме өткізілді. Шараға FasTrac kids балалық академиясының орталығынан балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.

Кездесудің басында кітапханашы Аширова Алтынай балаларды және барлық қатысушыларды еліміздің маңызды мерекелерінің бірі - жыл сайын 30 тамызда аталып өтетін Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады. Одан кейін ол балаларға Конституция не үшін қажет екенін және онда Қазақстан Республикасы азаматтарының қандай құқықтары мен міндеттері жазылғанын айтты. Содан кейін ҚР Конституциясы, Қазақстан тарихы, қазақ салт-дәстүрлері бойынша тапсырмалар енгізілген «Менің Отаным!» атты сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Балалар үлкен қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, өздерін нағыз білімпаздар болып көрсетті.

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін бекіту үшін балалармен «Мен және менің құқықтарым!» ойны өткізілді. Өлең оқып, әр бала өлеңде жасырынған құқық туралы сұраққа жауап берді. Тапсырмаларды орындай отырып, жас оқырмандар біздің мемлекетіміздің Негізгі Заңында жазылған өз құқықтарын білетінін және сақтайтынын көрсетті.

Кішігірім үзіліс ретінде балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зарубекова Жарқынай Мүслімқызы балаларға арналған «Мейірімділік қайда тұрады?» ойынын өткізді. Балалар көптеген ертегілерді оқығандықтан тапсырмаларды орындап, барлық ертегілер кейіпкерлерін атады.

Кездесу барысында жас оқырмандар кітапхананың акт залына барып, ұлттық стандартқа сәйкес орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін көрді.

Іс-шара соңында «И вечный выше нас Закон!» атты тақырыптық сөренің кітаптарына шолу жасалды.