1 тамыз күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қарқаралы ОКЖ–мен бірлесе отырып, Қарқаралы ауданының ауылдық кітапханаларының кітапханашыларына арналған «Жасөспірімдермен өлкетану жұмысы - кітапханалар қызметінің басым бағыты» атты кәсіби семинар өткізді.

Іс-шара Қайнарбұлақ ауылдық округінің Аппаз ауылында өтті. Семинарға Қарқаралы ОКЖ және Ж. Бектұров атындағы ОЖК мамандары қатысты. Семинарға Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі қатысты.

Ұсынылған семинар ауыл кітапханашыларының назарын кітапхана мен жас пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасының жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігіне аударуға бағытталған. Іс-шараның мақсаты: облыс кітапханалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кітапханалардың беделін көтеру, кітапханаларда жасөспірімдермен өлкетану жұмыстарын ынталандыру.

Мамандардың кәсіби кездесуін ОЖК басшысының орынбасары Г.М. Алдонгарова ашты. Ол «Кітапхана – жастарға арналған мүмкіндіктер кеңістігі» атты баяндама жасады. Іс-шараға қатысушылар көптеген жаңа, қызықты, ерекше ақпараттармен танысты. Мультимедиялық таныстырылым осы тақырыпты терең ашуға көмектесті.

Аппаз ауылының кітапханашысы Кәкімова Бақытгүл Амангелдіқызы «Кітапханадағы өлкетану жұмысы бастамалар» - «Краеведение в библиотеке» атты баяндамасын ұсынды. Ол өлкетану – кітапхана қызметінің басым бағыттарының бірі бола отырып, балалар мен жасөспірімдердің ата-бабаларының тарихына қатыстылығын тәрбиелейтіндігін, бүгінгі таңда өте қажетті қазақстандық патриотизм, руханият, ұлттық сана-сезім деген құндылықтарды қалыптастыратындығын атап өтті. Кітапханашы «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында осы бағыттағы кітапхана жұмысының жаңа түрлері туралы әңгімеледі.

Ж.Бектұров атындағы ОЖК жаңартпашылық-әдістемелік бөлімінің басшысы Қазтаева Раушан Рахимтаевна «Жобаның өзектілігі» атты баяндама дайындады. Ол жобалық қызмет ұжымды біріктіріп, ұйымдастыратынын атап өтті. Шығармашылық үдеріске тек кітапхана қызметкерлері ғана емес, оқырмандар да тартылады.

Жасөспірімдер арасындағы қарым – қатынас және көпшілік жұмыс бөлімінің басшысы Надежда Федоровна Шмойлова «Жастарды күтетін кітапханалар» атты баяндама жасады. Ол өз сөзінде клубтық жастар бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру туралы айтты.

Нұркен ауылдық округінің кітапханашысы Маякина Б. Р. «Қазақ кыранының қайталанбас қаһармандығы Н. Әбдіровтің туғанына – 100 жыл» атты баяндама жасады.

Қарқаралы ауданының тумасы истребитель-ұшқыш Нүркен Әбдіровтің өшпес ерлігі мәңгі сақталады. Ағымдағы жылы қазақстандық батырға 100 жыл толады. Замандастарымыздың міндеті - жас ұрпақты өз тарихын

құрметтеуге тәрбиелеу, қазақстандық батырлардың ерліктерін құрметтеу және есте сақтау.

Кітапханашы өзінің сөзінде әріптестеріне патриоттық тәрбие кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылатындығын айтты. Одан әрі аудиятория назарына Нұркен Әбдіровтің мерейтойына арналған «Нұркен ауылының энциклопедиясы» атты кітап ұсынылды. Басылымның авторы мен құрастырушысы баяндамашы Маякина Бахытгуль Рахиметоллақызы болып табылады. Атақты жерлесіміз туғанына 100 жыл толуына орай кітапханалармен көптеген іс-шаралар өткізілгені атап өтілді: еске алу сағаты, ерлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері рәсімделуде.

Қарқаралы ОКЖ қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Марат Гүлжан «2019 жыл - Жастар жылы – бастамаға толы жыл. Өлкетану жұмыстары» баяндамасымен сөз сөйледі. Ол кітап пен оқуды қоғамда, соның ішінде жастар ортасында ілгерілетуге бағытталған жаңа стандартты емес қызмет түрлері туралы айтып, осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен және болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті. Ол өз сөзінде Қазақ қоғам қайраткері - Қарқаралы ауданының тумасы Әлихан Бөкейхановқа арналған Жастар акциясы - библиодесант туралы әңгімеге ерекше назар аударды.

Қоянды ауылдық округінің кітапханашысы Оспанқұлова Бибігүл Зейтиновна «Жігерлі, жалынды жастар» атты баяндамасын ұсынды. Өз сөзінде ол өлкетану басылымдарын жасауға қатысушылардың назарын аударды. Осы бағытта жеткілікті тәжірибесі бар кітапханашы Қарқаралы ауданында өткізілген Қоянды жәрмеңкесі туралы баяндап өзінің жеке кітабын таныстырды. Өткен жылы Қоянды жәрмеңкесіне 170 жыл толды. Дала өлкесінің сауда орталығы 1848 жылы пайда болды. Жәрмеңке 80 жыл өтті. Басылым мерейтойлық күнге орайластырылды.

Семинар аясында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: кәсіби мамандарға арналған сұрақ-жауап сайысы, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия, жас оқырмандармен өлеңдер оқу, кітапты танымал етуге және оқуды ілгерілетуге бағытталған жастар флеш-мобы. Семинар барысында әріптестер кәсіби ақпаратпен алмасып, жастарға арналған іс-шараларды өткізу тәжірибесімен бөлісті. Аудан кітапханашылары өз кітапхана ортасын рәсімдеу тәжірибесімен бөлісті, әріптестеріне креативті және стандартты емес кітап көрмелерін, бұрыштарды, тақырыптық сөрелерді көрсетті.

Кәсіби кездесудің маңызды бөлігі семинардың қорытындысы - ашық трибуна, пікір алмасу болды: «Шығармашылық инновациялық платформа. Жастармен өлкетану жұмысының нысандары мен әдістері».

Семинар жұмысын Қарқаралы ОКЖ директоры - Бейсенова Бағдат Зиятдинқызы қорытындылады.

Семинар мамандарға жастармен өлкетану жұмысының үздік инновациялық тәжірибесімен танысуға, осы бағыттағы өз қызметін талдауға, болашаққа қызықты жоспарлар белгілеуге мүмкіндік берді.