27 наурызда, Аптаның екінші күні, кітапханамыздың балаларға қызмет көрсету бөлімінде тамаша қазақстандық мерейгер - жазушылардың Сәкен Жүнісовтің туғанына 85 жыл, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай жазушылар шығармалары бойынша дауыстап оқулар ұйымдастырылды.

Сәкен Жүнісов өзінің жарты ғасырлық шығармашылық қызметімен қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Жазушының шығармалары өткен және заманауи өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың күрделі тағдырлары туралы баяндады.  Оның кітаптарының кейіпкерлері ақиқатты іздеуге ұмтылуымен, асылдық пен ойдың тазалығымен ерекшеленеді. Сәкен Жүнісов: «Маған адамгершілігі мол адамдар ұнайды», -деп айтқан еді. Кітапханашы әділдікпен, дүниеге ойластырылған көзқараспен ерекшеленетін кейіпкерлері бар жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды.

Ілияс Жансүгіров – поэзияда, прозада, драмада өзін көрсеткен, өзінің ерекше стилі бар жазушы. «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиетінің классикасына айналды, балалар поэмадан үзінділерді оқып шықты.

Поэма кейіпкері - Ақан сері, 19 ғасырдың әншісі және ақыны.  Ілияс Жансүгіров Ақан сері өмірінің ең қайғылы оқиғаларының бірі – бәйгеде жеңген сүйікті сәйгүлігі – Құлагердің күншіл қарсыластарының қолынан қаза тапқаны туралы әңгімелеп берді. Жазушының осындай шығармалары жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа үйретеді, өскелең ұрпақтың өмірінде үлкен үлгі болады.

Игі істерді қалай бағалауға болады? Осы және басқа да сұрақтарға балалар шығармалардан үзінділерді оқығаннан кейін жауап берді.

Іс-шараның екінші бөлімінде «Сыйлық блокнотик», «Гүлдер» және «Қолшатырлар» жасау бойынша мастер-класс  өткізілді. Осы мастер-классты М.Х. Фахрутдинова және А.Р. Аширова өткізді. Балалар үлкен қызығушылықпен кесіп, желімдеп, керемет қолөнер жасады. Оң эмоциялар еңбекқорлықты тәрбиелеудің, баланың жеке басын дамыту қабілетінің, оның мінез-құлқын тәрбиелеудің маңызды ынталандыруы болып табылады. Балалар өз қолдарымен жасалған бұйымдарға риза болды.

Сондай-ақ, балалар біздің кітапхана қорында бар қағаздан бұйымдар жасау бойынша  оригами туралы көрмеде ұсынылған кітаптармен танысты.