15 наурыз күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімі «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» - «Великий праздник – Наурыз!» атты әдеби-музыкалық композицияны өткізді. Іс-шараға № 97 гимназияның 5 «Б» сынып оқушылары шақырылды. 

Көктем біздің кітапханамызға келді! Оқу залының кітапханашысы, Жақыпова Гүлімжан Рымханқызы, көктемгі күн мен түннің теңелуі мерекесі - Наурыз күні, оның шығу тарихы мен дәстүрі туралы әңгімелеп берді.

Іс-шара барысында балаларға сүйікті Алдар Көсе туралы ертегі көрсетілді. «Сақалсыз алдамшы» Алдар Көсе сараң байларды, жалқауларды, ақымақтарды алдап, кедейлерді қорғап жүрді. Балалар Алдар Көсенің қылықтарын белсенді түрде талқылады, өйткені ертегілер әзіл-оспақпен кез-келген өмірден шығу жолын үйретеді. Балалар «Тюбетейка» және «Монетаны көтер» ұлттық ойындарына қатысты.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» және «Наурыз көктемнің шуақы мерекесі» көркемделген кітап көрмелерінен әдебиеттерге шолу ұсынылды. Шолу тақырып бойынша балалар бөлімінің бай қорын ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдардың 33 данасын ұсынды.

Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада өткізілген  ойындар, театрландырылған көріністер, өлеңдер оқу, әндерді орындау бәрімізге тамаша  көңіл-күй сыйлады.