5 желтоқсан күні Алтын Орданың құрылғанына 755 жыл толуына арналған «Ұлық Ұлыс — Алтын Орда» атты тарихи сағат өтті.
Мақсаты: Студенттерді өз Отанының тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ел тарихын насихаттап, болашақ жас ұрпақтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру. Алтын Орда – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы аумағында құрылған мемлекет. Шара барысында «Шахтер» КМҚК әдіскер-нұсқаушысы Тлеубергенов Қайыржан Каримович Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі мен ыдырауы жайлы жан-жақты мағлұмат берді. Оқырмандар назарына Алтын Орда туралы деректер видео-үзіндіден көрсетілді.
Студенттер «Алтын Орданың тарихы» викторинасына қатысып сұрақтарға белсене жауап берді. Шараға Қарағанды жоғары «BOLASHAQ» колледжінің студенттері қатысты.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1984-5-zhelto-san-2025-2#sigFreeId01f85af0ab
