7 қараша күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде №48 мектеп оқушылары және Қарағанды «Тәттімбет» атындағы өнер колледжінің студенттерімен «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты құқықтық сабағы өтті.
Іс-шараның мақсаты-адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығын дәріптеу, оқушыларды адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық және патриоттық тәрбие беру.
Сабақ барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, екі топқа бөлініп викториналық ойын өткізілді.
Ойын барысында оқушылар адам құқықтары мен міндеттері туралы баптармен танысып, өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырды және құқықтық білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.
View the embedded image gallery online at:
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1940-7-arasha-2025#sigFreeIdb7da9b5de6
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1940-7-arasha-2025#sigFreeIdb7da9b5de6
