Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Республика күніне арналған «Қыран елім - Қазақстаным!» патриоттық акциясы аясында «Республика - ел болашағының кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Республика күні-ел Тәуелсіздігін нығайтып, демократиялық мемлекет ретінде дамуға бағыт алған тарихи күн.

Осы күн – еркіндік пен бірліктің, елдік пен егемендіктің, ұлттық рух пен тәуелсіз сананың айшықты көрінісі.

Кітапханашы ҚР Конституциясы, рәміздер тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы, ұлт бірлігі, мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтар мен рухани жаңғыру жайындағы кітаптармен таныстырып, республика күні туралы ақпарат берді.

Әдебиет көрсетілімі жасөспірімдерге  Қазақстанның мемлекеттілігі туралы білімдерін кеңейтуге және жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етті.