Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих. Тұлға. Тағдыр» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Менің пірім – Абай» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға №21 орта мектептін мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Әдеби кеш Ж. Бектұров мемориалдық музей-кабинетінде экскурсиямен басталды. Қатысушылар жазушы Жайық Бектұровтың өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ оның ұлы Абайға деген терең құрметімен танысты. Ж.Бектұров өз естеліктерінде: «Менің пірім – Абай» — деп, Абайды өзінің рухани ұстазы ретінде жоғары бағалаған. Осы орайда іс-шара барысында оқушылар мен қатысушыларға жазушының Абай туралы мақалалары мен өлеңдері таныстырылып, ақын мұрасына арналған әдеби композициялар оқылды.
Кеш барысында Абайдың қара сөздері мен өлеңдері оқылып, оның адамгершілік, білім мен еңбек туралы ойлары талқыланды. Қатысушылар Абай мен Бектұров арасындағы рухани сабақтастықтың терең мағынасын түсініп, ұлы тұлғалардың өнегелі өмірінен мол әсер алды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1929-22-azan-2025-3#sigFreeIdd523f53f17
