Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында №6 ЖББ мектебінде «Халық сүйген қаламгерлер» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: қазақ әдебиетінің қос жұлдызы Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында кітапханашы прозадағы көркем тілдің шебері Тәкен Әлімқұлов пен өлеңмен өрілген азаматтық үннің иесі Жұмекен Нәжімеденовтің өміріне тоқтала кетіп, қазақ әдебиетінің қос тарланының шығармашылықтарын слайд арқылы таныстырды. Оқушылар Ж.Нәжімеденовтің өлеңдерін оқып, Т.Әлімқұловтың «Сейтек сарыны», «Тұлпардың тағдыры» атты әңгімелеріне талдау жасады.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1868-16-yrk-jek-2025#sigFreeIdf6492a51e0