Ағылшын жазушысы, детектив жанрының патшайымы Агата Кристидің туғанына 135 жыл толуына орай кітапханада «Famous books» әлемдік әдебиет әуесқойлары клубының аясында «В поисках идеального преступления» отырысы өтті.
Іс-шараға қатысушылар – «Bolashaq» колледжінің студенттері үшін тақырыптық квест өткізілді. Балалар Агата Кристидің шығармалары туралы тамаша білімдерін көрсетті.
Отырыс қонақтары қарағандылық ақын-жазушылар, «Stellar» әдеби клубының мүшелері Екатерина Фабер мен Олеся Светлоумова студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, ұлы ағылшын авторының шығармашылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті, жазушының шығармашылығы туралы авторлық өлеңдер оқыды және әдебиет жанрларының ерекшелігі туралы көптеген қызықты әңгімелер айтты.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1864-12-yrk-jek-2025#sigFreeIdd18b145979