2 қыркүйекте Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханадағы Білім күні!» атты Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — балалар мен олардың ата-аналарының назарын кітап оқуға аудару, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ жаңа оқу жылының басында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Кітапханаға «Алтын Мирас» балабақшасының тәрбиеленушілері, «Вундервиль» дамыту орталығының оқушылары және кітапханамыздың жас оқырмандары келді.

Кітапханашылар балаларға арнап «Кітапханадағы Білім күні!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде мектеп оқушыларына пәндерді меңгеруде көмектесетін танымдық кітаптар, анықтамалықтар мен энциклопедиялар ұсынылды. «Сүйікті кітап беттерінің ғажайып әлемі» атты әдеби викторина өтті.

Мерекелік атмосфера мен қонақтардың белсенді қатысуы Ашық есік күнін жарқын да есте қаларлық оқиғаға айналдырды. Іс-шара оқуды насихаттауға, оқырмандар қатарын кеңейтуге және кітапхана ресурстары мен іс-шараларына қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

Кітапханашылар балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.