Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында отбасы құндылықтарын дәріптеу тәрбиелеу мақсатында ««DASTUR»» клубының аясында Отбасы күніне орай, «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» атты кездесу кеші өтті.
Шараға күміс алқа иегері, көп балалы ана Ақбаева Жұлдызай Дүйсенқызы, «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығының» қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Ғ.Е Тлеукен мен аналитика және мониторинг маманы Ж.А. Самарқан және ЖББ №48 орта мектеп оқушылары қатысты.
Көп балалы ана Ж. А. Дүйсенқызы отбасының қоғамдағы рөлі мен отбасындағы бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары, «Отбасын қолдау орталығы» мамандары Ғ.Е.Тлеукен мен Ж.А.Самарқан орталықтың атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді және отбасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар отбасы туралы айтылған мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, отбасы туралы өлеңдер оқыды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1845-2-yrk-jek-2025-2#sigFreeId0733f1d15e