Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде жаңа оқу жылында ЖББ №48 орта мектебінің @sch48_krg 8 сынып оқушыларына «Жаңа оқу жылында-кітапханамен бірге!» атты танымдық экскурсия өтті.
Мақсаты: оқушыларды кітапхана жұмысымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылар кітапхананың тарихы мен оқырман билетін рәсімдеу, кітап алу ережелері мен кітап қорын пайдалану тәртібі туралы ақпарат алды.
Кітапханашы кітап сөрелеріндегі ғылымның әр саласындағы әдебиеттер, сөздіктер, энциклопедиялар мен көркем әдеби кітаптармен таныстырып, қойылған сұрақтарына жауап берді.
Кітапханадағы білім күніне арналған іс-шаралар жасөспірімдерге жаңа оқу жылына оқу процесіне пайдалы материалдарды ұсынып, қажетті ақпаратты табуға көмектеседі.
Кітапхана — әрбір адамның өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, ой-өрісін кеңейтуіне жол ашатын рухани қазына.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1843-2-yrk-jek-2025#sigFreeId5f23c1a9a5