Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жанға дауа әуендер» жобасы аясында «Халықты біріктірген музыка» атты әдеби-музыкалық қонақжай өтті.

Шара барысында  кітапханашы қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен шығармашылығы туралы ақпарат берді. 

Әдеби-музыкалық қонақжайға Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі әншілері Райымбек Сатыбалды, Жанасыл Елубай қатысып,  Шәмшінің әндерінің қысқаша тарихымен таныстырды және «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы» әндерін орындау арқылы кештің көркін кіргізді.

Шара соңында «Халықты біріктірген музыка» атты  кітап көрмесіне шолу жасалды. Шәмшінің әндері әр қазақтың төрінде шырқалып, халықпен бірге мәңгі жасай береді.