15 тамыз – Қазақстандағы Спорт күніне орай, «Nadezhda kids centr» дайындық мектебінің балалары үшін «Айболит дәрігердің қонақжайында» атты денсаулық сағаты өткізілді.

Бұл шараның мақсаты – балалардың төзімділік, жылдамдық, күш сияқты дене қасиеттерін дамыту, мәдени-гигиеналық дағдылар мен дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдасы туралы білімдерін бекіту, салауатты өмір салтына, спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын тәрбиелеу болды.

Іс-шара К. И. Чуковскийдің «Айболит дәрігер» ертегісін оқу және талқылаудан басталды. Балалар Айболит дәрігердің өте мұқият, мейірімді және қайырымды екенін айтты. Кітапханашымен бірге олар мынадай қорытындыға келді: дәрігер мамандығы адамдар үшін өте маңызды, ал ауруханаға сирек бару үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. Одан кейін жүргізуші балалармен пайдалы және зиянды әдеттер, күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу туралы қысқаша әңгіме өткізді. Кейін балалар шағын көрініске қатысып, онда дәрігер Айболитке келген науқастардың рөлін сомдады.

Кездесу «Күн мен жаңбыр», «Төбешіктен төбешікке» сияқты көңілді ойындармен жалғасты. Шара өте қызықты, пайдалы, көңілді өтті және балалардың көңіл-күйін көтерді. Ал, баршаға мәлім, жақсы көңіл-күй – денсаулық кепілі.

Соңында кітапханашы кішкентай қонақтарға «Ауырмаңдар!» деп тілек білдіріп, балалармен бірге әуен ырғағымен көңілді жаттығу жасады.