12 тамыз күні Жастар халықаралық күніне орай кітапханада «Негізгі назарда — жастар» атты сөйлейтін сөрелер (шелфтокерлер) безендірілді.

Акцияның мақсаты — жастардың салалық және көркем әдебиетке, кітап пен оқу мәдениетіне қызығушылығын арттыру.

Шелфтокер (сөйлейтін сөре) — кітапты ерекше әрі тартымды жазулар арқылы таныстырудың қазіргі заманғы тәсілі. Мұндай жазулар кітапхана сөрелеріне ілініп, оқырмандардың назарын аударуға бағытталған. Шелфтокерлердің негізгі мақсаты — оқуды насихаттау, ақпаратты қызықты әрі көрнекі түрде беру, кітапты бірден оқығысы келетіндей ету.

Аталған акция кітапхана оқырмандары арасында жоғары сұранысқа ие болып, әдебиетті таңдау үдерісін жеңілдетті.