Балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Әлем таныған – Абай» атты әдеби викторина өтті.

Шараның мақсаты – балаларға Абай мұрасын насихаттау, ақынның шығармаларын таныстыру және ұлттық құндылықтарды сіңіру.

Іс-шара барысында Абайдың шығармаларына арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды, оқырмандарға бейне-ролик көрсетілді.

Әдеби викторинаға «Вундервиль» жаздық лагерь балалары Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы викторинаға белсене қатысып, дұрыс жауаптарын шешті.