4 шілдеде Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Оқитын Қарағанды» жазғы акциясы өтті.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері «Жайнай берсін, Астана!», «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» атты кітап көрмелерімен бірге әдеби шолулар мен мазмұнды әңгімелер өткізді. Қала тұрғындары елдің ұлттық идеясының символына айналған, бірігудің негізі болған елорданың құрылуы мен дамуы туралы, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұрасы – домбыра туралы сыр шертетін әдебиеттермен танысты.
Кітап оқу мәдениетін қолдауға бағытталған #Қарағандыоқиды челленджіне қаланың жас тұрғындары қатысты. Қарағандылықтар қазір оқып жүрген түрлі кітаптарды атады.
Балақайлар мен орта жастағы оқырмандар үшін балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері «Сүйікті кітаптарымызды ашайық!» атты әдеби викторина ұйымдастырды.
Сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай экспонаттары секторы «Сирек кездесетін кітаптар» көрмесін дайындады, онда кітапханаға есімі берілген Жайық Бектұровтың еңбектерін, ол туралы кітаптарды, сондай-ақ Ж.Бектұровқа авторлардың өздері сыйға тартқан Қарағанды және Қазақстан жазушылары мен ақындарының қолтаңбалары бар басылымдарды көруге болады.
Ақпараттық-библиографиялық бөлім «Қазақстан ғалымдары – ел мақтанышы» атты кітап көрмесін ұсынып, Е.Бөкетов, А.Сағынов, Қ.Сәтбаев және еліміздің ғылымына зор үлес қосқан өзге де көрнекті тұлғалар жайлы басылымдарды таныстырды.
Кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасап, ұсыныстық әңгімелер өткізіп, кітапхана қызметтері мен ресурстары, үйірмелер мен клубтар туралы айтып берді. Сондай-ақ кітапхана мекенжайы көрсетілген проспектілер мен алдағы іс-шаралардың афишасы бар парақшалар таратылды. «Оқитын Қарағанды» акциясы аясында өткізілетін мұндай іс-шаралар әрдайым қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырады.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1805-4-shilde-2025-2#sigFreeId613d7db23f