2025 жылғы 25 маусымда Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында орналасқан «Әділ қоғам» жобалық кеңсесінде «Адалдық және әділдік» атты адалдық сағаты өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің түсіндіру пулының мүшесі Камали Жібек Камалиқызы қатысушылармен ашық әрі сенімді диалог орнатып, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері жайлы пікір алмасты.

Шараға қатысушылар адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттайтын мұндай кездесулердің жастар арасында өткізілуі маңызды екенін атап өтті. Олар бұл кездесуден көптеген қажетті ақпарат алғандарын айтып, мұндай іс-шаралар қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеуге, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.