Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Әкелер күніне орай әкелерге деген құрметті арттыру, жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында «Үлгілі әке – шаңырақ тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әкелер күні — отбасы құндылықтарын, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптейтін атаулы күн. Қазақстанда Әкелер күні 2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.
Оқырмандар назарына қазақ әдебиетіндегі әкелер бейнесі көрініс тапқан көркем шығармалар, әке туралы өлеңдер, тәрбие мен отбасылық құндылықтар туралы кітаптар ұсынылды. Кітапханашы әкелер күні жайлы қысқаша ақпарат беріп, көрмедегі кітаптарға шолу жасады.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1783-13-mausym-2025#sigFreeId830a594833