2025 жылғы 10 маусымда Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Діннен адастырар ағымдар» атты кездесу өтті.

Іс-шараның қонақтары: «Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ теологтары – Қарсыбекова Жанар Бектенқызы және Яхия Раббияаиша Жаламанқызы.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлерімен дәстүрлі діндер үлгісінде рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, халық арасында толерантты сананы дамыту, отбасылық тәрбиенің маңыздылығы және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінде дәстүрді сақтаудың рөлі туралы әңгіме қозғалды.