Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұмытылмас тағдырлар» атты тарихи шолу өтті.
Шараға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Ілден Нарша мен машина жасау колледжінің студенттері шақырылды. Мұражай маманы жасөспірімдерге тоталитарлық жүйе кезеңіндегі жаппай қуғын-сүргін жылдарының тарихын, лагерьлер мен қамау орындары, күнәсіз айыпталған халықтардың тағдыры жайлы баяндап, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Еліміздің әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қасиетті парыз.
Шара барысында студенттерге зұлмат жылдар жайлы бейнефильм көрсетілді. Кітапхананың қорындағы жаппай жазалаудың қиын-қыстау жылдарындағы тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Карлаг-заман қасіреті», «Азалы кітап», «Нәубет», «Қасіретті тағдыр беттері», «Карлаг: нәубет жылдардың жазылмас жарасы», «Қызылдар қырғыны», «Түнекте тұншыққандар», А.Тасымбеков «Жан дауысы», Т.Омарбеков «Зобалаң», «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті», Н.Дулатбеков «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері», «Мамочкино моласы», Е.Кузнецова «ОГПУ-ПХК КАРЛАГЫ: Столыпиннен Гулагқа дейін», Д. Шаймуханов «Карлаг», В.Могильницкий «Великие узники Карлага», «Красный террор» және т.б. әдебиеттерге шолу жасалды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1751-27-mamyr-2025#sigFreeId979d517e50