Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында кітапханада «Валерий Могильницкий: әрқашан халықпен бірге» атты бейне-портрет форматында іс-шара өтті. Бұл кеш көрнекті жазушы, журналист, өлкетанушы, ақын әрі публицист Валерий Михайлович Могильницкийдің туғанына 85 жыл толуына арналды.
Валерий Михайловичтің қаламынан туған өлке, Қарағанды, сондай-ақ елге еңбегі сіңген ардақты азаматтар жайлы очерктер мен өлеңдер, танымдық мақалалар жарық көрген.
Журналистика мен әдебиетке өмірін арнаған ол 30-дан астам кітаптың авторы. Оның ішінде Карлаг тұтқындарының ауыр тағдырын баяндайтын еңбектері — «Долина слёз», «Великие узники Карлага», «Безымянные тюльпаны» және басқа да кітаптары бар.
Іс-шараға Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін мұражайының маманы Кондрашов Иван Евгеньевич арнайы шақырылды. Ол мұражайдың жұмысы мен ондағы экспонаттар жайлы кеңінен әңгімелеп берді.
Қарағандылық ақын Вероника Беляеваның орындауындағы өлеңдер, сондай-ақ бейнематериалдар мен әндер Валерий Могильницкий шығармашылығының сан қырын ашып, кеш мазмұнын байыта түсті.
Іс-шараға Қарағанды машина жасау колледжінің студенттері қатысты.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1747-23-mamyr-2025-2#sigFreeId8ba7717f9c