Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «ДASТUR» клубының  аясында Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» атты кездесу өтті.

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата–анасын сыйлай білуге тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

Кездесу Қарағанды каласының Отбасын қолдау орталығының кейс менеджер маманы, көп балалы ана Замзагүл Мамалинова, үлгілі Бекеновтер отбасы және «Болашақ» жоғарғы колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу қонақтары отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесіндегі дәстүрлер, қалыптасқан әдет-ғұрыптар жөнінде сөз өрбітті.

Оқырмандар келген қонақтарға отбасындағы бала тәрбиесі, салт-дәстүр ұстанымы жайында сұрақтарын қойып, рухани құндылықтарды саналарына сіңірді.