15 мамыр күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Игілік» отбасылық оқуды дамыту жобасы аясында «Отбасы - Отанымыздың ошағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, жасөспірімдердің бойында отбасына, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Кітап көрмесіне отбасы құндылықтарын насихаттайтын А. Өзутку «Бақытты отбасының сыры», оқуға тиісті 10 кітап сериясынан «Отбасы», «Тал бесіктен жер бесікке дейін», Х.Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», «Қазақ отбасы», С.А.Ынтымақовтың «Отбасы құқығы», «Әлдиден эпосқа дейін», «Қазақ халқының дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптары» кітаптары және мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылып, шолу жасалды.

Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы.

Оқырмандар отбасылық құндылықтардың неден басталатыны, махаббат, адамгершілік құндылықтары туралы мағлұмат алды.