14 мамыр күні балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Атамекен» клубының «Кітапты сүйген – отбасын қадірлейді» атты отырысы өтті.

Шара Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылып, оған балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Мақсаты – балалардың жақындарына деген сүйіспеншілігін ояту, отбасылық құндылықтардың мәнін ұғындыру, қамқорлық сезімін тәрбиелеу, жан жылуы мен эмоционалды жайлылыққа толы орта қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық кітап оқудың маңызын көрсету.

Шараның басында «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды. Ата-аналар өзара сыйластық пен үйлесімге бастар әдебиеттермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу барысында әр отбасы өздерінің сүйікті істері мен ортақ қызығушылықтары туралы әңгімелеп берді. Аналар отбасы дәстүрлерін сақтау мен қалыптастырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы институтының маңыздылығы туралы жүрекжарды ойларын айтты.

Балалар мен ата-аналар «Мақалды жалғастыр» атты викторинаға, «Бәрін білгім келеді!» сынды қызықты ойындарға белсене қатысты.

Шара соңында кішкентай қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етілді.