14 мамыр күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Аналар күніне арналған «Шуағымсың сен» атты әдеби - сазды алаңы өтті.
Аналар күні әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығына алғыс айту үшін өткізілетін маңызды мереке. Бар әлемді құшағына сыйдырған, отбасы тірегі, бақыттың тұтқасы.
Шараға «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» «Сәулем-ай» ардагерлер хоры ұжымының мүшелері, асыл аналарымыз Ахметова Жаңылдық- немересі Каринамен, Сейдахметова Рымкүл қызы - Бағыммен қонақ ретінде қатысты. Қарағанды жоғары мейіргерлік колледжінің 1 курс студенттері Айтмуханова Мерей мен Талғатқызы Айсұлу «Қазақ» биін билеп, Қарағанды медицина университетінің студенттері Ибадуллаев Махсуд, Абишев Алихан ана туралы өлеңдер оқыды.
Көрермендер аналарына қоңырау шалып, сағынышын білдіріп, жақсы көретіндерін айтты. Ана мен қыз балаға байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Көмексөздер арқылы ана туралы әндердің атауын, орындаушысын тауып, бірге: «Ана туралы жыр», «Мама», «Анашым» қазіргі жастардың көзайымына айналған әншілер Қазыбек Құрайыш пен Садраддинның әндерін шырқады.
Шараға Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты.
Аяулы аналарымыз оқырмандарға ақыл кеңестерін айтып, ақ тілектерін білдірді.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1719-14-mamyr-2025#sigFreeId5b8407d87e