Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Игілік» отбасылық оқуды дамыту жобасы аясында Аналар күні мерекесіне арналған «Өмірдің барлық түстері сен үшін» атты тақырыптық поэзиялық сөре ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ана-өмірдің шуағы, ана-өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру, анаға деген бала махаббатын ояту, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жасөспірімдерге аналарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Кітапханашы мереке туралы ақпарат беріп, «Өмірдің барлық түстері сен үшін» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Шараға Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей интернатының оқушылары мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледж студенттері қатысып, Анаға деген ыстық ілтипаттарын білдіріп, «Ана» туралы жырларды оқыды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1700-8-mamyr-2025#sigFreeId81507bdc2f