06.05.2025ж., Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жеңіске жол» республикалық акциясы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Қарағанды облысының жастары арасында «Қалам мен қаруды бірге ұстағандар» атты облыстық байқау өтті.
«Қалам мен қаруды бірге ұстағандар» атты облыстық байқауына Қарағанды, Саран, Теміртау, Приозерск қалаларынан, Шет, Ақтоғай, Нұра, Бұқар-жырау аудандарынан 15-21 жас аралығындағы жастар қатысты. Жалпы қатысқандардың саны 53 адам.
Облыстық байқауды кітапхана басшысы Нұргүл Қасымханқызы Каленова құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында барлық қатысушылар байқауға баға берген әділқазылар алқасының алдында қазақтың көрнекті майдангер-ақындар – Қ.Аманжолов пен С.Мәуленовтің, майдангер-жазушылар – Б.Момышұлы мен Ә.Әбішевтің шығармаларын жатқа мәнерлеп оқып шықты.
Әділқазылар алқасы байқау ережесінің шарттары мен «Үздік көркемсөз шебері - поэзия», «Үздік көркемсөз шебері - проза» номинациялары бойынша қатысушыларға баға беріп, жүйріктерді таңдап, жеңімпаздарды анықтады. Әділқазылар алқасының құрамында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - Жақан Әлімжан Құтжанұлы; «Орталық Қазақстан» облыстық газеті «Саясат және құқық бөлімінің» жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Шалқар Жәлел Қуандықұлы; Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы - Жұмагелдин Жанайдар Шаймерденұлы болды.
«Қалам мен қаруды бірге ұстағандар» атты облыстық байқауының «Үздік көркем сөз шебері» поэзия номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Қарағанды жоғары «БОЛАШАҚ» колледжінің студенті Төкенова Сабина, ІІ дәрежелі дипломмен Қарағанды қаласы «№36 ЖББМ» оқушысы Смағұл Ақниет, ІІІ дәрежелі дипломмен Шет ауданы Нұраталды ауылының негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Дәрібай Ару, Ынталандыру грамотасымен «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің» студенті Марат Алтынай марапатталды.
«Қалам мен қаруды бірге ұстағандар» атты облыстық байқауының «Үздік көркем сөз шебері» проза номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Қарағанды қаласы «№53 мектеп-лицейінің» оқушысы Жусупов Аманжол, ІІ дәрежелі дипломмен Қарағанды қаласы «Жақып Ақбаев атындағы ЖББМ» оқушысы Рымбек Досымжан, ІІІ дәрежелі дипломмен Қарағанды қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің» оқушысы Амантай Даяна, Ынталандыру грамотасымен Приозерск қаласы «№1 ЖББМ» оқушысы Сайлыбай Дәулет марапатталды. Байқауға қатысқандар алғыс хаттармен марапатталып, кітапар сыйға алды.
Облыстық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагер жазушы-журналист Аман Жағдаұлы Жанғозин жеңімпаздарды құттықтады.
Іс-шара барысында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің жас әншісі Қазкен Берік С.Сейфуллин «Тау ішінде», «Қазақстан» әндерін орындады.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1697-6-mamyr-2025-2#sigFreeIdcfb08c89ee